АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ ҚАРИЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚМДБ РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев Атырау облысына сапары барысында қала іргесінде орналасқан Қызылбалық ауылындағы Құран жаттау орталығының тыныс-тіршілігімен танысты.
Белгілі ұстаз орталықтағы шәкірттердің оқу үдерісін көріп, олардың жаттау жүйесі мен тәлім-тәрбиесіне қатысты пікір алмасты. Орталық имамдары мен ұстаздары оқу бағдарламасы, шәкірттердің күн тәртібі және жаттау әдістері туралы мәлімет берді.

Арман Қуанышбаев жас қари тәрбиелеудегі ең маңызды нәрсе — тәртіп, ықылас және дұрыс әдістеме екенін атап өтті. Сонымен қатар, шәкірттерге рухани кеңес беріп, Құран жолындағы еңбектің қадірін түсіндірді.

Құран жаттау орталығы – өңірдегі діни білімге қызығушылық танытқан жастарға қолайлы жағдай жасап отырған маңызды оқу орнының бірі болып саналады.