Абдолла хазрет мешітінде жамағатқа арналған рухани-танымдық шара өтті.
Шара аясында жамағат үшін рухани дастархан жайылып, мешітке жиналған қауымға сый-құрмет көрсетілді. Сонымен қатар қатысушылар арасында интеллектуалды сайыстар ұйымдастырылып, діни білім мен логикалық ойлау қабілеттері сынға түсті.
Рухани кеш барысында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, жамағаттың белсенділігі мен ұйымшылдығы артты. Бұдан бөлек, діни куиздер ұйымдастырылып, қатысушылардың Құран, сүннет және ислам тарихы бойынша білімдері тексерілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – жамағат арасындағы бірлікті нығайту, рухани тәрбиені күшейту және салауатты өмір салтын насихаттау болды.












