ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ӨКІЛДЕРІ РУХАНИ КЕШ ӨТКІЗДІ

Атырау әйел-қыздар секторының жетекшісі Назгүл Данаеваның ұйымдастыруымен оффлайн форматта дәріс алған тасхих тобының қорытынды кешін өткізді. Кеш барысында Құран оқуда махраж, сипат, тәжуид бойынша білімді тексеру мақсатында лэд экран арқылы сайыс ұйымдастырылды.

Шәкірттерге табандылығы үшін алғыс хаттар табысталып, Құран кәрім сыйға тартылып, тәж кигізу рәсімі өтті. Көрермендерге Құранға құрмет пен Алламен байланыстың маңызын насихаттайтын көрініс қойылып, өлеңдер оқылып, салауат айтылды.

Сондай-ақ қонақтар үшін сұрақ-жауап айдары өтіп, белсенділерге сыйлықтар берілді. Кеш соңында тасхих тобының қыздары ұстазға алғыстарын білдірді.