Атырау облыстық өкілдікке қарасты әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған мерекелік кездесу өтті.
Шара аясында мешіттер жанындағы әжелер мектебінің өкілдеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі сөздері жастарға үлгі ретінде айтылды. Әжелерге гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етіліп, жылы лебіздер айтылды.
Сонымен қатар, мешіттерде қызмет етіп жүрген әйел ұстаздарға Ұстаздар күніне орай құрмет көрсетілді. Әйел-секторының өңірдегі жауапты өкілі Назгүл Медерқызының айтуынша әжелер мен ұстаздардың діни ағартушылық бағыттағы еңбектері атап өтіліп, шәкірт тәрбиелеудегі үлестері үшін алғыс хаттар берілді.
Жиын соңында қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін айтып, рухани әсерге бөленді.




