Атырауда Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай рухани кеш өтті. Тағылымды шараға Әжелер алқасының мүшелері, Әйел-қыздар бөлімінің ұстаздары мен шәкірттері қатысты.
Ұстаз Назгүл Данаеваның айтуынша, Тәуелсіздік күні – ел тарихындағы ең қастерлі мерекелердің бірі, жас ұрпаққа отансүйгіштік пен рухани құндылықтарды насихаттаудың маңызы зор.
Кеш барысында қатысушыларға викториналық сұрақтар қойылып, белсенділік танытқандарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Рухани мазмұндағы бұл кеш көпшілікке көтеріңкі көңіл күй мен тағылымды ой салды.













