ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА СЕМИНАР ӨТТІ

Атырау әйел-қыздар секторы мен «Алқа» даму клубының ұйымдастыруымен «Мушарата: нәпсіңмен келісімге отыр» тақырыбында семинар өтті.

Ұстаз Назгүл Данаеваның жетекшілігімен өткен шарада нәпсінің түрлері, нәпсіні тәрбиелеу жолдары, нәпсі мен қалаудың айырмашылығы секілді маңызды тақырыптар қамтылды. Семинар барысында қатысушыларға танымдық ойындар ұйымдастырылып, сұрақ-жауап форматында пікір алмасу өтті. Сондай-ақ «Алқа» даму клубы атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Шара соңында Шағбан және алда келе жатқан Рамазан айларының ерекшеліктері айтылып, қатысушылардың кері байланыстарымен қорытындыланды. Семинарға барлығы 46 адам қатысты.