АЙТ МЕРЕКЕСІНДЕ ЖАМАҒАТҚА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАНДЫ

Атырау қаласында қасиетті Ораза айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтіп, жамағатқа ерекше көңіл күй сыйланды.

Орталық Иманғали мешіті аумағында айт намазына жиналған халыққа арнап киіз үй тігіліп, кең дастархан жайылды. Жамағатқа ұлттық тағамдар ұсынылып, мерекелік атмосфера қалыптасты.

Сонымен қатар орталық мешітте 100 балаға тәттілер таратылып, мерекелік қуаныш сыйланды.

Шара барысында Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жамағатты айт мерекесімен құттықтап, елге амандық пен береке тіледі. Сонымен қатар ақсақалдар ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Айт күні жиналған жұртшылық бір-бірімен қауышып, мерекелік көңіл күймен тарасты.