“Әт-Тақуа” мешітінде “Әкенің отбасындағы рөлі” атты кездесу өтті.
“Иманғали” мешітінің ұстазы, әйел-қыздар секторының жауапты өкілі Назгүл Медерқызы спикер ретінде қатысты. Семинар барысында олар әкенің отбасындағы орны, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, отбасылық құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі жөнінде әсерлі әрі маңызды ойларымен бөлісті.
Семинарға көптеген қыз-келіншектер қатысып, отбасы тәрбиесіне қатысты тың мәліметтер мен практикалық пайдалы кеңестер алды.




