amin.kz/ 10 мамыр, 2020 жыл. Біз, Әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, адамның тағдырына, оның ажырамас құқықтары мен қадір-қасиетіне, бейбітшілік пен келісімге, өзара құрмет, ынтымақтастық және адамзат бауырластығының идеяларына берік екенімізді тағы да дәлелдейміз.
Біз фашизм мен нацизмді жоюдағы жеңіске 75 жыл толуын атап өтуге орай, адамзаттың ортақ игілігі үшін құрбан болған, Екінші дүниежүзілік соғыста көз жұмғандарды еске алу жөніндегі игі бастама үшін мемлекеттер мен қоғамдарға үлкен ризашылығымызды білдіреміз.
Біз мемлекеттердің сындарлы күш-жігерін, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да мүдделі халықаралық және аймақтық ұйымдардың, азаматтық қоғамның жер бетіндегі барлық халықтармен үйлесімділік тапқан әр халықтың өзінің рухани құндылықтары мен мұраттарына сәйкес, гүлдену, бейбітшілік, өзара құрмет пен болашақта өмір сүретін келешек әлемдік тәртіпті құру жөніндегі қызметке қошемет көрсетеміз және қолдаймыз.
2019 жылдың 4 ақпанында Абу-Дабиде Имам Әл-Азхар Ахмад Мұхаммед аль-Тайиб пен Рим Папасы Франциск қол қойған «Әлемдік бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүру үшін адамдар арасындағы бауырластық туралы құжаттың» негізгі қағидаларын, сонымен қатар 2019 жылдың 27-29 мамырында Меккеде өткен халықаралық конференцияда ислам ғалымдары қабылдаған «Мекке құжатын» қолдайды және қарулы қақтығыстарды тоқтату, адамдарды жалпы адамзаттық құндылықтар – ынтымақтастық пен жанашырлық төңірегінде біріктіруге баса назар аудару үшін әлемнің түкпір-түкпірінде тез арада жаһандық атысты тоқтатуға бағытталған ақылға қонымды, дәйекті, болашаққа бағытталған іс-әрекеттердің уақыты келді деп санаймыз.
Әлемдік қоғамдастықтың COVID-19 пандемиясымен күресу және барлық діндердің қасиетті мерекелерінің негізі аясында біз Рим Папасы Францисктің коронавирустық пандемия аясында «гуманитарлық көмек бағыттарын құруға, дипломатия үшін ашық болуға және ауыр жағдайда жүргендерге назар аударуға шақырамыз» деген тілегімізді білдіреміз.
Біз Жаратқанға шын жүректен сенім білдіре отырып, ХХІ ғ. Екінші онжылдығының соңында барлық халықтардың басына түскен жаманшылықтар мен қайғылардың кейінгі ұрпаққа сабақ болып, сонымен қатар, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төніп тұрған қатерлер мен қауіптердің алдын алу да сенім, тәртіп, сыйластық, жоғары этика мен адамгершілік нормаларды ұстану, мәдени, ұлттық, діни және тіл әртүрлілігіне қатысты ұстамдылық, әртүрлі мәдениеттер мен елдерге жататын адамдар арасында достық пен өзара түсіністіктің маңыздылығы жөнінде әрдайым дұғада боламыз.
Екінші дүниежүзілік соғыстың құрбандарына тағзым ете отырып, бұл соғыстың салдары бүкіл адамзатқа орны толмас қайғы әкелуі барлық мемлекеттік қайраткерлерге және саяси жетекшілерге, болашақ ұрпаққа сабақ болуы тиіс.
Нұр-Сұлтан қ. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің алаңында біздің он жеті жыл бойы кездесуіміз діни лидерлер арасындағы диалогтың адамзаттың барлығына ортақ құндылықтарды терең түсініп, ортақ мүдделілік танытуына әсерін тигізе алатындығын дәлелдеді.
Біз әртүрлі өркениеттер, мәдениеттер, діндер мен сенімдер арасындағы үнқатысу мен өзаратүсіністікті жүйелі түрде қолдап, әрдайым алдыңғы мақсатта ұстауға әзірміз.
Біз барлық мүдделі тараптарды жергілікті және халықаралық деңгейде халықтардың үйлесімді өмір сүруі, әлемде тұрақтылықты сақтау, әсіресе діндер арасында татулықты сақтау мақсатында бейбітшілік пен бірлікті нығайту, діни және мәдени көптүрлілікті, діни жораларды өткізетін қасиетті жерлерді жалпы адамзат міндеттері шеңберінде құрметтеуге, ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділікті қоздыруға, арандатушылық пен кемсіту, өшпенділік пен күш қолдануға қарсы күресу үшін күш біріктіруге шақырамыз.
Соғыс пен қақтығыстар мәңгілік өткенге қалсын!
Жаратқан Иеміз барлық елдерде бейбітшілік, амандық нәсіп етіп, біздің рухани ұстамданымдарымызға береке берсін!
ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ МЕН СЕРІКТЕСТЕРІ