Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауимен кездесті.
Кездесу барысында Алтынбек Ұтысханұлы облыстағы діни ахуал, салынып жатқан мешіт құрылыстары туралы ақпарат берді. Сонымен бірге, облысты сапалы діни кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері де көтерілді.
Кездесу соңында тараптар ортақ уағдаластықтарға қол жеткізді. Ұлттық тәрбие, руханият, қоғам бірлігін арттыру мақсатындағы бірлескен іс-шаралар жалғасатын болады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.