Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ректоры Саламат Идрисовпен кездесті.
Кездесу барысында елдегі, аймақтағы діни ахуал, дін саласын сапалы мамандармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
«Ислам ғылымды, білімді қолдайтын дін. Біз кезінде Еуропа жеріне өркениет бастауын алып барған ислам ғалымдарының жолын жаңғыртуымыз қажет. Осы ретте оқу орындарымен тығыз байланыс орнату мақсатымыз. Сонымен бірге, жат ағымдармен күресте де нәтижелі жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырамын» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.