Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының Мақат ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Бас имам Мақат тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында Бас имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған «Ас беру мәдениеті» құжатымен таныстырып, тұрғындарды жаназа және ас беру кезінде ысырапшылдықтан арылуға шақырды.
«Қайтыс болған кісіні арулап көміп, жаназасын шығарғанда, жетісі, қырық күндігі, жыл толуына байланысты және тағы басқа шараларда дастархан жайылғанда дінімізде нақты талап етілмеген, салт-дәстүрімізге сай келмейтін, ақырет үшін пайдасыз кейбір әдеттер қоғамда белең ала
бастады.
Мысалы, жақынынан айырылып отырған қаралы шаңырақ «көпшілікке ас беру – перзенттік
міндетіміз» деп дастархан жайып, шектен тыс шығын жасап, ас та төк, ағын-төгін дастархан жаюда.
Бұл, орташа табысы бар көптеген отбасыларға ауыртпашылық тудыратыны сөзсіз. Сондықтан
бүгінгі күні еске алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу мәселесі шариғат заңдары мен салт-
дәстүр бойынша реттеуді талап етеді» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Кездесуге жергілікті мәслихат депуттары және кент әкімдері, садақа басқаратын асабалар, мейрамхана иелері, ақсақалдар, әжелер қатысты.