Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Алтынбек Ұтысханұлы Құлсары қаласында орталық «Жылыой» мешітінде жамағатпен кездесіп, дәріс оқыды.
Мұсылман келбеті, әдепке сай киіну, көркем мінез, бірлікте болу тақырыптарында насихат айтқан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жамағатты бірлікте болуға шақырды.
«Қазіргідей алмағайып заманда тұтастықтың, бірлікте болудың маңызы зор. Мұсылмандар бір-біріне қамқор болуы керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.