Арман Қуанышбаев Атырауда жамағатпен кездесіп, дінде орта жолды ұстанудың мәнін түсіндірді

Атырауға сапары барысында белгілі ұстаз, танымал діни қайраткер Арман Қуанышбаев Сұлтан Бейбарыс мешітінің жамағатымен кездесті. Жиын барысында ұстаз мұсылман өміріндегі ең маңызды қағидалардың бірі – дінде орта жолды ұстанудың маңызы туралы насихат айтты.

Кездесуде Арман Қуанышбаев:
«Ислам діні – шектен тыс кетуді де, немқұрайдылықты да құптамайды. Асыл дініміздің негізі – тепе-теңдік, байсалдылық және парасаттылық. Шынайы мұсылман – әдебімен, көркем мінезімен, орта жолды ұстануымен өзгеге үлгі болады», – деп атап өтіп, жамағатты ынтымақ пен бірлікке шақырды.