Ұлттық академиялық кітапхананың Фариза Оңғарсынова залында «Ұлттық спорт түрлері мен мәдениеті академиясы» құрылғаны хабарланды.
Оны «Наурызым – нұрлы ырысым» мерекелік іс-шарасы аясында өткен жиында белгілі күш мәдениетін зерттеуші, жоба құрылтайшысы Абылайхан Қалназаров мәлім етті. «Ұлттық спорт түрлері мен мәдениеті академиясы – қазақ халқының барлық дәстүрлі спортын сақтау, дамыту және халықаралық деңгейде танымал етуге бағытталған инновациялық орталық.
Бұл академия ұлттық спорт түрлерінің физикалық, рухани-мәдени және зияткерлік құндылықтарын зерттеп зерделеп, болашақ ұрпаққа жеткізуді және спорт арқылы елдік рухты күшейтуді көздейді», – деп атап өтті А.Қалназаров.
Оның баяндауынша, академия миссиясы – қазақ халқының дәстүрлі спорт түрлерін жаңғырту және оларды елдік-әлемдік масштабтарда ілгерілету арқылы ұлттық мұраның спорттық-мәдени дамуына үлес қосу.