Асылында әркімнің өзінің аудиториясы болады. Әншілердің артында әнсүйер қауым тұрады, дәстүрлі адамдардың артында дәстүрсүйер қауым тұрады, діни адамдардың артында дінсүйер қауым тұрады.
Біздердің артымызда алынбайтын қамалдай болып дінсүйер, дәстүрсүйер, білімсүйер қауым тұр деп білемін. Сол қауымға өзіңнің керек екеніңді сезіну факты – әрекет жасауға итермелейді. Міне соны амалға асыратын кез келді.
Соңғы күндері еврейлерге отбасына сүйсініп, сұрақ қоюшылар көбейді емес пе?
Өзі адамзаттың жүрегінде не нәрсе көбірек болса, ол соны айтып ұлықтаса керек. Дүние көбірек кірген болса, Форбс тізіміндегі адамдар ұлырақ болады. Соларды зерттеп, биографиясын жатқа соғып жатады. Діні көбірек кірген болса, Алланы ұлықтайды. Дінін тереңірек зерттеп, ұмтыла түседі.
Еврейлерге сүйсініп, артықшылықтарын іздеп, мойындап, бас иіп…(зерттеп, білім алғанға еш қарсылығым жоқ. Бірақ, мәселе бас иіп, тамсануда). Құдды олардың бірлігіндей бірлік жоқ әлемде деп насихат айтып жатады. (ендеше тағы да дұрыстап зерттеуге үндер едік).
تحسبهم جميعا و قلوبهم شتى
«Оларды сырттай қарағанда жұдырықтай жұмылған, ынтымақты қауым деп ойлайсың, әйтсе де жүректері бытыраңқы»
Еврейлердің банк жүйесін қалай қолға алғандығын, Рокфеллер, Родтшильд сынды әулеттердің тарихын, олар қалай пайыздық өсіммен сауда жасағандығын бір оқып шығуға кеңес берген болар едік ол жағдайда.
Сол, біздің кейбір жандар өзінің хайырлылығының негізі болған дінін сәл шетке ысырып қойып, өзгенің «ұлылығына» тамсанып жүргенін көріп-білгенде, азды-көпті қынжылып қалатынымыз бар-тын. Таңқалып, таңырқау үшін «И’джаз» [чудо] іздесеңіз, Құран бар ғой дегенді айтудан жалықпаймыз.
Тағы да асылында сөзін қолданамын, асылында бәрі Құранда, асылында отбасымды қалай тату ұстаймында ғой тоқ етері.
Қазақ «Бай бөліскенше, жан бөліс» деп бекер айтпаған. Бұл жалпы оңай нәрсе емес. Ендеше, отбасыңның қандай болатынын имандылық өлшемі ғана шешеді.
Іңкәр ЕРКІН, «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы.