Әт тақуа мешітінде адал еңбек жайлы насихат айтылды

Атырау қаласындағы Әт тақуа мешітінде жамағатқа арналып дастархан жайылып, рухани басқосу өтті. Шара барысында мешіт имамы Айтжан Оңғарбекұлы жиналған жамағатқа адал еңбектің маңызы туралы насихат айтты.

Имам өз сөзінде Құран мен хадистерден мысал келтіріп, адал еңбектің берекесі, адал табыстың құт-берекесі мен адамның жүрегіне тыныштық сыйлайтынын жеткізді. Сондай-ақ еңбекқорлық – мұсылманның көркем сипаты екенін айрықша атап өтті.

Жиын соңында дастархан басында жамағат бір-бірімен пікірлесіп, рухани әңгіме өрбітті.