Атырау: Бақтыгерей молла мешітінде әжелер мектебінің өкілдерімен кездесу өтті

Бақтыгерей молла мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы жылы» аясында әжелер мектебінің өкілдерімен кездесу өтті.

Жиын барысында мешіттің имамы Асылбек Тілепбергенұлы сөз сөйлеп, ислам дініндегі отбасы құндылықтары мен үлкендердің тәрбиелік рөлі туралы баяндады. Ол отбасындағы ынтымақ пен сыйластықтың діндегі орнына тоқталып, жастарды тәрбиелеудегі аналар мен әжелердің маңызын ерекше атап өтті.

Кездесу жылы шырайлы әңгімеге, тәжірибе алмасуға және рухани тәрбие төңірегіндегі пікір алмасуға ұласты.