АТЫРАУ ИМАМДАРЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДА АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен қала имамдары бас қосып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылған мәселелерді талқылады.

Жиында сөз сөйлеген Бас имам Болатбек Ұласқанұлы:
«Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылық – бәрімізге ортақ игілік. Әсіре діншілдік пен жат ағымдардың алдын алу – дін қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Біз халыққа дәстүрлі ислам құндылықтарын, ата-баба жолын насихаттап, имандылық пен бірлікке шақыруымыз қажет. Сонымен бірге, мешіт – қасиетті орын. Мұнда тәртіп сақталып, әр имам өзінің әдебі мен жауапкершілігін айқын сезінуі керек. Халық бізге қарап бағдар алады. Сондықтан дін қызметкерінің әрбір ісі үлгіге айналуы тиіс», – деп атап өтті.

Жиын барысында мешіт ішіндегі тәртіп, дін қызметкерлерінің әдеп нормалары және қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар жан-жақты қаралды.