Атырау облысының имамдары «Таза Қазақстан» республикалық сенбілігі аясында өңірдегі зираттарды тазарту жұмыстарына қатысты. Қайырымды іске мешіт қызметкерлері мен жамағат өкілдері де белсене атсалысып, қорым аумағындағы қоқыстарды шығарып, арамшөптерді отап, қоршауларды ретке келтірді.
Шара барысында имамдар жамағатпен бірге марқұмдарға Құран бағыштап, қоғамды тазалыққа, имандылыққа үндеудің маңыздылығын жеткізді.
Өңір мешіттерінің ұйымдастыруымен өткен игі іс алдағы уақытта да жалғасатын болады.









