Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жылдық есеп жариялады. Бір жыл ішінде «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 11 отбасы баспаналы болды.
Бұл туралы Алтынбек Ұтысханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде берген есебінде айтты.
Қазіргі таңда Атырау облысында 36 мешіт бар. Мешіттерде 88 дін қызметкері еңбек етуде.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.