Қасиетті Қадір түні қарсаңында Иманғали орталық мешіті жамағатқа толып, берекелі түн ерекше рухани жағдайда өтті.
Кеш барысында мешіт имамдары жамағатқа насихат айтып, қасиетті түннің қадір-қасиеті мен артықшылықтары туралы баяндады. Сонымен қатар дін мен дәстүр діни тақырыптары аясында викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жамағатқа сыйлықтар табысталды.
Жамағат түн бойы құлшылық жасап, намаз оқып, Құран тыңдап, дұға тіледі. Рухани кеш таң атқанша жалғасып, жиналған жамағат қасиетті түнді ғибадатпен өткізді. Таңға жақын мешіт жамағатына арнайы сәресі дастарханы ұсынылуда.




















