Облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлының бастамасымен қарттар күніне орай Атырау облысындағы мешіттерде ауқымды қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Шара аясында Зекет және қайырымдылық қорының өңірдегі өкілдері жасы үлкен қарияларға арнайы сыйлық пакеттер дайындалып, үйлеріне жеткізіліп берілді.
Сонымен қатар Құспан молла мешітінде арнайы қайырымдылық шарасы өтті. Онда жергілікті қариялар мен мұқтаж отбасыларға бірінші кезектегі азық-түлік таратылды
Жиында облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы:
«Сіздерге бүгінгі мереке қарсаңындағы сыйлығымызды қабыл алыңыздар. Қарияларымыз – біздің рухани қазынамыз, елдіктің тірегі. Сіздерге Алла ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық берсін. Қарттарға құрмет көрсету – бәріміздің ортақ міндетіміз», – деп атап өтті.
Шара барысында қала,аудан мешіт имамдары мен еріктілер қариялардың шаңырағына арнайы барып, сый-сияпат табыстап, ақ баталарын алды.
Игі іс-шара үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.















