Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз хатшысы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін мен дәстүр бағыты бойынша жауапты маман Нұркен Мағриденұлы 18 қазан – Рухани келісім күніне орай облыстық «Атырау» телеарнасындағы «Қоғам сөзі» бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама барысында ол «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында аймақтағы мешіттер мен имамдардың дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту бағытында атқарып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді.
Нұркен Мағриденұлы дін қызметкерлерінің қоғамдағы рухани бірлікті, ұлттық құндылықтарды және отбасы институтын сақтау ісіндегі үлесіне тоқталды.