АТЫРАУ ОБЛЫСЫ: АРАҚСЫЗ АУЫЛ – БӘЙГЕТӨБЕ

Атырау облысы Мақат ауданына қарасты Бәйгетөбе ауылы – арақтан толықтай бас тартқан елді мекен. Ауданның бас имамы Біләл Сүннетқожаұлының айтуынша, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылында мүлде спирттік ішімдік сатылмайды. Ауыл тұрғындары бір ауыздан ішімдік атаулыдан бас тартып, салауатты өмір салтын таңдаған.

Қазіргі таңда ауылда 191 үй бар, жалпы халық саны 1947 адамды құрайды. Елді мекен аумағында жұмыс істеп тұрған үш дүкеннің ешқайсысында алкоголь өнімдері сатылмайды. Бұл – ауыл тұрғындарының бірлігі мен саналы таңдауының айқын көрінісі.

Бәйгетөбе ауылы бүгінде қоғамға үлгі боларлық, рухани құндылықтарды жоғары қойған елді мекен ретінде көпшілікке өнеге болып отыр.