Атырау облысының бас имамы «Afsona» мейрамханасына халал сертификатын табыстады

Бүгін қасиетті жұма күні Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы «Афсона» мейрамханасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) «Халал Даму» сертификатын табыстады.

Аталған мейрамхана ҚМДБ-ның халал стандартына толық сай келіп, «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Бұл құжат өнімдерді дайындау, сақтау, тасымалдау және ұсыну барысындағы барлық үдерістің шариғат талаптарына сай екенін растайды. Сертификаттың жарамдылық мерзімі — 1 жыл.

Салтанатты табыстау рәсімінде бас имам халал тағамның тек діни ғана емес, санитарлық және экологиялық тұрғыдан да пайдалы екенін атап өтті. Ол адал ас тұтынудың маңызын, сондай-ақ кәсіп иелерін жауапкершілікпен жұмыс істеуге үндеді.

Бұл бастама өңірдегі халал индустрияның дамуына оң ықпал етуде.