Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Atpress сайтының YouTube алаңында сұхбат берді. Сұхбат барысында келе жатқан қасиетті Рамазан айының құндылықтары, оразаның пайдасы, өңірдегі діни ахуал, мешіттердің жай-күйі және діни кадр мәселесі сөз болды. Сондай-ақ ҚМДБ бастамасымен жарияланған «Ислам және адал қоғам жылы» аясында атқарылып жатқан жұмыстар, жат діни ағымдардан сақтандыруда діни сауаттылықты арттыру бағытына басымдық беріліп жатқаны айтылды. Сұхбат соңында бас имам сайт ұжымымен кездесіп, жаңа жобаларына сәттілік тіледі.






