Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы «Иманғали» орталық мешітінде жұма намазында «Адалдық – мұсылман болмысының айнасы» тақырыбында уағыз жүргізді.
Бас имам уағыз барысында:
«Адалдық – әрбір мұсылманның жүрегінде болуы тиіс қасиет. Біз өмірімізде әділдік пен шындыққа сүйеніп, өз ісімізді адал орындау арқылы ғана қоғамда сенім мен сыйластықты сақтай аламыз»,- деп атап өтті.





