Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мерейтойлық медальмен марапатталды

Атырау облыстық мәслихатының 30 жылдық мерейтойы аясында өңірдің қоғамдық-рухани дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар арнайы медальмен марапатталуда. Соның бірі – Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы.

Облыста діни тұрақтылықты қалыптастыру жолындағы еңбегі ескеріліп, Болатбек Ұласқанұлына Атырау облыстық мәслихатының 30 жылдық мерейтойлық медалі табысталды.

Марапатты салтанатты түрде облыстық мәслихат төрағасы Мұса Қарашұлы табыстап, дін қызметкерлерінің қоғамдағы орны мен қызметін ерекше атап өтті:

“Қоғамның рухани тұтастығы мен тұрақтылығы – дін қызметкерлерінің де еңбегіне тікелей байланысты. Сіздер халыққа имандылықты насихаттап, ел ішінде ауызбіршілік пен ынтымақты сақтауға үлкен үлес қосып отырсыздар.

Болатбек Ұласқанұлы, сіздің облыстағы діни тұрақтылықты сақтау жолындағы жүйелі қызметіңізді жоғары бағалаймыз. Сізге бүгін табысталып отырған Атырау облыстық мәслихатының 30 жылдық мерейтойлық медалі – осы еңбегіңіздің бір көрінісі.

Ел игілігі жолындағы қызметіңіз табысты бола берсін. Деніңізге саулық, еңбегіңізге береке тілейміз!” – деді мәслихат төрағасы.

Өз кезегінде Болатбек Ұласқанұлы рухани саладағы әріптестікті нығайтуда бірлесе қызмет атқаратынын жеткізге келе мүфтият баспасынан жарық көрген “Бабалар ізімен: қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп” кітабын мәслихат төрағасына тарту етті