Атырау облысының бас имамы Құрманғазы ауданында

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Құрманғазы ауданына жұмыс сапары барысында аудан әкімі Абат Жаңғалиұлымен кездесті. Кездесу кезінде бас имам ауданға жаңадан тағайындалған Құрманғазы аудандық мешітінің имамы Шалқар Даулетханұлын таныстырды.

Сонымен қатар Болатбек Ұласқанұлы ауданның руханият саласындағы алдағы жоспарларымен бөлісіп, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, жастардың имандылық тәрбиесін күшейту бағытында бірлескен жұмыстарды талқылады.