Елімізде жыл сайын 1 қазан – Радио күні аталып өтеді. Осыған орай Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы ақпарат айдынында еңбек етіп жүрген радио саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
Әсіресе, дін мен дәстүрді ұрпақ санасына жеткізіп жүрген «Азан» радиосы ұжымына жылы лебізін білдіріп:
«Қоғамға дұрыс ақпарат пен өнегелі насихат жеткізу – үлкен жауапкершілік. Сіздердің еңбектеріңіз елдің рухани бірлігін нығайтуға қызмет етіп келеді. Алдағы уақытта да бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ортақ мақсат жолында қызмет етеміз деп сенемін», – деді бас имам.
Кездесу соңында Болатбек Ұласқанұлы «Азан» радиосының шығармашылық ұжымына табыс тілеп, жаңа жетістіктерге жетуіне батасын берді.