Атырау облысының бас имамы тамыз кеңесіне қатысты

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы білім беру саласының өкілдерімен өткен дәстүрлі “Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман” атты тамыз кеңесіне қатысты.

Жиынға облыстық білім беру басқармасының мамандары, қалалық білім бөлімі, облыстық прокуратура, құқық қорғау органдары, дін істері басқармасы өкілдері және аймақ ұстаздары қатысты. Шара барысында жастар тәрбиесі, діни сауаттылық, қоғамдағы өзекті мәселелер және білім саласындағы жаңа бағыттар сөз болды. Сонымен қатар, оқушылар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу, құндылықтар негізіндегі тәрбие және мұғалімдердің кәсіби дамуы тақырыптары кеңінен талқыланды.