Атырау облысының бас имамы жұма уағызын жүргізді

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінде жамағатқа «Алла Елшісінің (с.ғ.с.) болмысы мен мәмілесі» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Уағыз барысында бас имам Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, көркем мінезі мен мұсылманның адами қарым-қатынаста ұстануы тиіс әдеп қағидаттары жайында кеңінен насихат айтты.