Атырау облысында Құрбан айт мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. Қасиетті мереке аясында өңір бойынша 237 мал басы (қой, ешкі, сиыр) құрбандыққа шалынып, еттері әлеуметтік жағынан аз қамтылған 1400 отбасыға және 15 қайырымдылық қорына үлестірілді.
Сонымен қатар, балалардың қуанышын еселеу мақсатында облыс мешіттері мен еріктілердің ұйымдастыруымен 15 000 балаға айттық тәттілер таратылып, мейрам ерекше қуанышқа ұласты. Сондай-ақ дәстүрлі спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.
Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін үлкен сауап пен рухани тәрбиеге толы мейрам. Бұл күндері жамағаттар бір-біріне ізгі тілек айтып, мұқтаж жандарға қол ұшын созу арқылы қоғамда қайырымдылық пен бауырмалдықты нығайтты.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне жергілікті мешіттер, еріктілер тобы және өңірлік дін істері мекемелері белсене атсалысты.

















