Атырау қаласындағы «Ықылас» мешітіне жаңа имам тағайындалды

Бүгін, қасиетті жұма күні, Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы «Ықылас» мешітінің жаңа имамын жамағатқа таныстырды. Жаңа қызметке Саламат Насихатұлы Иманғалиев тағайындалды. Жамағат алдында бас имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Жаңа имам туралы

Саламат Насихатұлы Иманғалиев — жоғары білімді дін қызметкері, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылының тумасы.
• 2012-2016 жж. — Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық политехникалық университетін тәмамдаған.
• 2023-2025 жж. — Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің теология мамандығы бойынша білім алған.
• 2019 жылдан бүгінге дейін «Иманғали» орталық мешітінде азаншы қызметін атқарды. Сонымен қатар ҚМДБ-ның діни оқу-ағарту және қоғаммен байланыс бөлімдерінің өңірдегі жауапты маманы ретінде еңбек етті.

Жеткен жетістіктері
• 2023 ж. — Республикалық азаншылар байқауында III орын иеленді;
• 2023 ж. — XI Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауында II орын;
• 2024 ж. — XII Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу байқауында I орын иегері атанды.

Отбасылы, үш перзенттің әкесі.

Сондай-ақ, бұған дейін аталған мешітте имамдық қызмет атқарған Назарбай Базарқұлұлына дін саласындағы еңбегі үшін алғыс хат табысталып, иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылып, игі тілектер айтылды. Назарбай имам Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінде наиб имам болып қызметін жалғастырады.

Жаңа имамды таныстырған Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Саламат Иманғалиевке руханият жолындағы қызметіне береке тіледі.