Атырауда 100 гектар зират цифрландырылды

Бұл туралы мүфтиятта Астанада өткен есеп беру жиынында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы хабарлады.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Қамқор – Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы қызметін қолдау мақсатында, қазіргі уақытта Атырау облысында 1 мәйіт жуындыру орталығы жұмыс жасауда. 12 гектар жер зиратқа алынды. Көлемі 70 гектар болатын зират тазаланды. Аумағы 100 гектар болатын зират цифрланды» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Бұдан басқа, «Уақып» қорының 5 павильоны орнатылды. Екі қайырымдылық медресесінің құрылысы жүруде. Өткен жылы Атырау облысында 2 қайырымдылық орталығы жұмысын бастады.