Атырауда әйелдер арасында «Рамазанға дайындық» тақырыбында рухани семинар өтті

Атырау Әйел-қыздар секторының бастамасымен және «Алқа» даму орталығының атсалысуымен «Рамазанға дайындық» тақырыбында рухани семинар ұйымдастырылды.

Семинарда үстаз Назгүл Данаева Рамазан айында ораза ұстауға қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, жамағатқа уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, танымдық ойындар өткізілді. Жеңімпаз топқа арнайы сыйлықтар табысталды.