Атырауда әйелдер жамағаты Құрбан айт мейрамын атап өтті

Атырау қаласында ҚМДБ жанындағы әйел-қыздар секторы өкілдерінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мейрамын ерекше рухани көңіл-күйде өтті. Мерекелік жиынға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, жамағатқа насихат айтып, Құрбан айттың мәні мен маңызы туралы терең ой қозғады.

– Құрбан айт – мұсылман қауымының бірлігін, жанашырлығын және бауырмалдығын дәріптейтін ұлы мейрам. Бұл күндері мұқтаждарға көмек көрсету, құрбан шалу арқылы Аллаға жақындай түсу – әрбір мұсылманның парызы. Әйел-аналарымыздың да қоғамдағы, отбасындағы рөлі ерекше. Олар тәрбиенің тірегі, – деді бас имам өз сөзінде.

Іс-шара барысында әйелдер арасында Құрбан айтқа қатысты викториналар, рухани әңгімелер мен дұғалар ұйымдастырылды. Қатысушылар ұлттық тағамдармен дастархан жайып, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, мейрам ерекше көңіл-күймен өтті.