Атырауда Құрбан айт мейрамы қарсаңында ерекше рухани шара өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы өкілдігініне қарасты Бақтыгерей молла мешітінің ұйымдастыруымен фатиха мен ықылас сүрелерінен әжелер арасында сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды:
🔹 Құран сүрелерін мәнерлеп жатқа оқу
🔹 Мағынасына тоқталу
🔹 Дұрыс тәжуидпен оқу
Аталған байқау – үлкен буынның діни білімге деген ынтасын арттырумен қатар, кейінгі ұрпаққа үлгі болуға бағытталған игі бастама болды.
«Әжелеріміз – ұлттың діңгегі. Олар тек шаңырақтың шырақшысы емес, ұрпаққа иман мен тәрбие дарытушы рухани ұстаз. Құран жаттап, оны насихаттаулары – ел ішінде имандылықтың нұрын жаюдың айқын көрінісі», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Сайыс қорытындысы бойынша
Бас жүлде – Жапарова Қарлыға
Екінші орын – Сүгірова Роза
Үшінші орын – Сағынаева Гүлжан жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар, естелік сыйлықтар және арнайы марапаттары табысталды.
Бұл шара – Құрбан айттың мәні мен мазмұнын тереңдете түскен, рухани жаңғыруға үндеген өнегелі іс-шара ретінде жиналған жамағаттың жылы ықыласына бөленді.








