Атырауда бірнеше кәсіпорынға халал стандарт сертификаты берілді

Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жергілікті жұртшылықты адал өніммен қамтамасыз етіп жүрген кәсіпорын басшыларына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал даму» мекемесінің сертификатын табыстады.

«Аллаға шүкір, халықтың адал өнімге сұранысы артып келеді. Соған сай өнім өндірушілерге де талап күшейе түспек. Бүгінде ҚМДБ жанындағы арнайы «Халал Даму» мекемесі тағам өнімдері емес, күнделікті тұтынатын кез-келген өнімдердің шариғи және санитарлық тұрғыдан тазалығына мән береді. Соның ішінде, қоғамдық тамақтану орындары басты назарда болады» ,- деп атап өтті Бас имам Болатбек Ұласқанұлы.

Сертификат қоғамдық тамақтану орындары “Zeytun” кәсіпорын басшысы Ануар Тайпановқа, “Coffe River” өкілі Берік Маратұлына және “Cakes&Bakes” басшысы Алтынбек Абдықадырға табысталды.