Атырау қаласында орналасқан «IRIS» дәмханасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал» сертификатын алды. Және «Тағам» асханалар желісі халал сертификатын жаңартты.
Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен «Халал Даму» мекесінің жергілікті өкілі Қайрат Аманжолұлы «Kair Catering» ЖШС өкіліне сертификат табыс етті.
«IRIS» дәмханасы Атырау қаласы Тайманов даңғылы 48 мекенінде орналасқан.
«Халал Даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш дәмхананың 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері», 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігі анықталды.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі 08.07.2022 жылға дейін.
Сонымен бірге, Атырау қаласында орналасқан «Тағам» асханалар желісі «ҚМДБ Халал» сертификатын жаңартты.
«Тағам» асханалары Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі 64/1 және Құрманғазы көшесі 5 мекендерінде орналасқан.
Сертификат 10.06.2022 жылға дейін жарамды» дейді «Халал Даму» мекесінің жергілікті өкілі Қайрат Аманжолұлы.