АТЫРАУДА ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ТАНЫМ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТАҚЫРЫБЫНДА АЙМАҚТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ҚМДБ Атырау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Атырау облысы әкімдігінің мәжіліс залында «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өтті.

Маңызды жиынға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы, ҚМДБ төрағасы бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, имамдар, теолог-дінтанушылар, студенттер мен сала мамандары қатысып, қоғамдағы діни ахуал, дәстүрлі құндылықтарды сақтау және жат ағымдардың алдын алу мәселелерін жан-жақты талқылады.

Шараны ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Айтбайұлы жүргізіп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Алғы сөз сөйлеген ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы дәстүрлі діни танымды сақтау – қоғам тұрақтылығы мен бірлігінің басты негізі екенін атап өтті. Ол өз сөзінде ислам діні мен ұлттық құндылықтардың өзара сабақтастығына тоқталып, ата-бабамыз ұстанған сара жолдан ауытқымаудың маңызын жеткізді. Сонымен қатар, жат ағымдардың алдын алуда діни сауаттылықты арттыру, жастарға дұрыс бағыт беру және рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау қажеттігін атап өтті.

Жиын барысында Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Мусаев Қаһарман Рахметұлы өңірдегі діни ахуалға тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Бекежан Өмірбек Қадырханұлы «Қазақ философиясындағы дін мен ұлттық құндылықтар мәселесі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Ал университеттің аға оқытушысы Ернар Абзалұлы Абзалов «Қазақ даласындағы ислам» тақырыбында ой қозғап, дін мен дәстүр сабақтастығының маңызын атап өтті. Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы да сөз алып, жамағатты бірлікке, дәстүрлі құндылықтарды берік ұстануға шақырды.

Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, сұрақ-жауап барысында өзекті мәселелер көтерілді. Жиын қорытындысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу бағытында ұсыныстар айтылды.