Атырауда дін қызметкерлеріне арналған білім жетілдіру курстары басталды

Атырау қаласында имамдар мен дін қызметкерлерінің білімін жетілдіруге арналған арнайы курстар басталды. Курстың ашылуына Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Оқу курстары ҚМДБ-ның арнайы бағдарламасына сай ұйымдастырылып отыр. Курстың мақсаты – өңірдегі дін қызметкерлерінің діни сауатын арттыру, уағыз-насихат жұмыстарын жүйелеу және заман талабына сай біліммен қаруландыру.

Бас имам өз сөзінде:

«Имам – елдің рухани тірегі. Сондықтан біз білімімізді үнемі жаңартып отыруымыз керек. Бұл курс – тәжірибе алмасу мен білім тереңдетудің маңызды алаңы», – деді.

Курс аясында қатысушылар фиқһ, ақида, діни сауат ашу әдістемесі, заманауи діни ахуалға қатысты бағыттар бойынша дәрістер алады. Сонымен қатар, психологиялық дайындық пен жастармен жұмыс істеу тәсілдері де қамтылған.

Оқу апталық жүйемен өтеді және бағалау мен қорытынды бойынша сертификат табысталды.

и ещё 15

Все реакции:

12Rustem Eshmaxan, Ералы Камзагалиев и ещё 10