Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы “Зекет және қайырымдылық қоры” жанынан құрылған қайырымдылық жаршылары республикалық қозғалысының өңірлік еріктілеріне арналған форум өтті.
Форумға ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және өңір имамдары мен еріктілер қатысты.
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев қайырымдылық жаршылары еріктілер тобының қоғамдағы орнына тоқталды.
«Бұған дейін республикалық деңгейде еріктілерге арналған форумдар өткізген болатынбыз. Атырау өңіріндегі еріктілермен кездесудегі басты мақсатымыз – арнайы бағдарлама аясында жұмыстар жүргізу және су тасқыны кезінде белсенділік танытқан еріктілерге алғыс білдіру» деп атап өтті Мақсатбек Қайырғалиев.
Жиын соңында бірқатар имамдар мен еріктілер арнайы алғыс хатпен марапатталды.