Атырау ауылдық округінде орналасқан «Ақжол» ет дүкені «ҚМДБ Халал» сертификатын алды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы «Ақжол» мекемесі өкіліне ҚМДБ Халал сертификатын табыстады.
«Ақжол» ет дүкені Атырау ауылдық округінде Железнодорожников б/б 280 Атырау-Дамба тас жолының бойында орналасқан.
«Халал Даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш дүкендерге 1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу», 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі 01.06.2022 жылға дейін.