АТЫРАУДА ХАЛАЛ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ

Атырау қаласында халал талаптарының сақталуын бақылау мақсатында бірқатар қоғамдық тамақтану және кондитерлік кәсіпорындарға тексеру жұмыстары жүргізілді. Аталған тексеріс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының технолог мамандары Әріпбай Назерке мен Сақимолда Ақмаржан, сондай-ақ «Халал даму» мекемесінің өңірдегі өкілі Назарбай Абдрамановтың қатысуымен өтті.

Мониторинг барысында халал стандарттарының сақталуы, шикізаттың құрамы, өндіріс үдерісі, тазалық талаптары және құжаттамалардың дұрыстығы жан-жақты қаралды. Мамандар кәсіп иелеріне халал талаптарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ұсыныстар берді.

Тексеру жұмыстары Атырау қаласындағы келесі кәсіпорындарды қамтыды:

«AFSONA» кафесі (Абай көшесі, 9А);

«TRAVELERS COFFEE» (Қ. Сәтбаев көшесі, 17Б);

«CAKES&BAKES» (Құлманов көшесі, 117А);

«COFE RIVER» (Владимирский көшесі, 2В);

«TRAVELERS COFFEE» (М. Өтемісов көшесі, 116Д);

«SARQYT» (Құлманова көшесі, 117А);

«CAKES» (Өтемісов көшесі, 116А);

«NAN» кондитерлік цехы (Құлманова көшесі, 117А).

Айта кетейік, мұндай тексерістер өңірде халал индустриясын дамыту, тұтынушылардың сенімін арттыру және адал өнім өндіру мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде жүргізіліп келеді.