Атырау облысы орталық «Иманғали» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі, Батыржан Берденұлы өңір имамдарына арналған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты Имамдардың рухани құзыретін арттырып, ихсан ілімін күнделікті қызметте қолдану арқылы ұлттық құндылықтарды, адамгершілік пен көркем мінезді кеңінен насихаттау.
«Ихсан – бұл жүрекке иман ұялату, Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету. Бұл – ең жоғары рухани деңгей. Ихсан ілімі – тек құлшылық емес, сонымен бірге мінез-құлықты, адамгершілікті, ұлттың салт-дәстүрін де қамтитын кең өріс. ҚМДБ осы бағытты ұстана отырып, дін мен дәстүр сабақтастығын нығайтуда.»
«Қазіргі таңда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ихсан ілімін қоғамға кеңінен насихаттап келеді. Бұл ілім – ұлт руханияты мен дін арасындағы алтын көпір. Ихсан арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, оны Ислам әдебімен ұштастыра аламыз,-деп атап өтті Батыржан Мансұров
Семинар барысында өңір имамдары дін қызметкерінің эткалық, рухани міндеттемелері турасында сұрақ қойып, жауап алды.
ҚМДБ ихсан ілімін ұлттық тәрбиемен байланыстыра отырып, дін мен дәстүр бірлігін насихаттай бермек.









