Атырауда «Иман» мешітінде жамағатқа арналған Мәуліт кеші өтті.
Рухани шарада адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) өмірі, ғибраты туралы насихаттар айтылып, жамағат арасында викториналық сұрақтар қойылды.
Мәуліт – араб сөзі, қазақша «туған күн» деген мағына береді. Бұл атау Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі, Адамның (ғ.с.) Иса (ғ.с.) пайғамбарға дейінгі Алла тағала елшілернің соңғысы, әрі сардары Мұхаммедтің (ﷺ) дүниеге келуінінің құрметіне ол айға осы атау берілген.
Атап өту керек, Пайғамбарымыз Мұхаммедті (ﷺ) өз ата-анамызды танып, құрметтегендей сүю ләзім. Өйткені, хадис шарифте: «Сіздердің ешқайсыларыңыз мені өз ата-анасынан, балаларынан және барлық адамдардан артық көрмейінше иман келтіре алмайсыздар», – деген.
Ол Құрайыш тайпасынан, оның ішіндегі Бани һашим әулетінен шыққан. Туылған жері дініміз үшін ең қасиетті де құрметті адамзаттың тұңғыш атасы Адам (ғ.с.) мен Хауа анамыз жер бетіне түскен соң ұзақ жылдардан кейін сағыныса жолығып, мекендеген, Аллаһ тағаланың нұры жауып тұратын Мекке қаласы. Әкесінің аты Абдуллах, оның әкесі Әбдүлмүттәліп, оның әкесі Һашим, оның әкесі Абдулманап. Анасының есімі Әмина.