АТЫРАУДА КӘСІП ОРЫНДАРЫ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТТАРЫН ЖАҢАРТТЫ

Атырау қаласындағы «Alif» кондитерлік дүкені, «Zau Zau» кондитерлік дүкені және «Doner na Abaya» тамақтану орны халал сертификаттарын жаңартты.

Сертификаттарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы табыстады.

Шара барысында бас имам халал талаптарын сақтау – тек діни ұстаным ғана емес, сонымен қатар тұтынушы алдындағы үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Ол кәсіпкерлерді өнім сапасына, тазалыққа және адалдық қағидаттарына әрдайым мән беруге шақырды.

Аталған кәсіп орындары халал стандартына сай қызмет көрсетіп, тұрғындарға сапалы әрі шариғат талаптарына сәйкес өнім ұсынуды жалғастыра бермек.