Атырауда «Мәулімберген» мешіті «Мектепке жол» акциясына қатысты

Атырауда Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешіті республикалық «Мектепке жол» акциясына қатысты.

Акция аясында 20 отбасын қамтып, мектепке қажетті оқу құралдары жиналған сөмке табыс етілді.

«Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжановтың айтуынша, мешіт балаларды сабаққа дайындау үрдісіне мейілінше қолдау көрсетуге әркез дайын.

Еске сала кетсек, елімізде бірнеше жылдан бері «Мектепке жол» республикалық акциясы жүзеге асырылып келеді. Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың мектеп жасындағы балаларын жаңа оқу жылына дайындауға үлес қосылып келеді.